Қала тұрғыны пәтерінде 20 түп марихуана өсірген

Источник: 7152.kz
Петропавлдықтың пәтерінен 20 түп марихуана және фитозертхана жабдықтары алынды, деп хабарлайды  7152.kz тілшісі.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіру фактісін анықтады. 46 жастағы қала тұрғынының пәтерінен 20 түп  марихуана тәркіленді. Оны ер адам шара мен  гүл құмыраларында өсірген. Сондай-ақ фитолампалар, климаттық бақылау қондырғысы және «фитолабораторияның» басқа да жабдықтары алынды. Күдіктінің айтуынша, ол өсімдікті өзі пайдалану үшін баптаған. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігі «есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» және ҚР ҚК 300-бабы «Құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру» бойынша сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.
— Сараптама қорытындысына сәйкес зерттеуге ұсынылған үлгілер құрамында есірткі бар каннабис тектес өсімдіктер болып табылады. Тамыры бар жалпы масса-5,650 килограмм, бұл үлкен мөлшерге жатады. Естеріңізге сала кетейік, заңсыз өсіргені үшін 5 миллион 834 мың теңгеге дейін айыппұл қарастырылған.  Ең жоғарғы жаза-2 жылға дейін бас бостандығынан айыру, — деп хабарлайды СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Жандос Басыбаев.
Жыл басынан бері СҚО аумағында полицейлер 114,5 кг астам түрлі есірткі заттарын тәркіледі, оның ішінде 1 кг.429 гр. синтетикалық есірткі.
Тағы да оқыңыздар: Мал ұрлаған күдіктілер ұсталды
Источник: 7152.kz

Похожие записи

Комментарии

Instagram

Самые популярные