Мал ұрлаған күдіктілер ұсталды

Источник: 7152.kz
Айыртау ауданында полицейлер мал ұрлығына қатысты үш күдіктіні ұстады, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.  
Саумалкөл ауылының  тұрғыны полицейлерге  бір апта бұрын сиыры жолғаны туралы арыз жазады. Әйел қоршалмаған аулада ірі қарасын таппағасын, ол ағаш арасына кеткен болар деп болжайды. Алайда Айыртау ауданының ПБ қызметкерлері ұрлық фактісін анықтады. Сол күні үш күдікті ұсталды.  23, 21 және 20 жастағы жергілікті тұрғындар 22 мамырға қараған түні сиырды байлап, олардың біріне тиесілі Газельге салып, аудан орталығының тұрғынына 100 мың теңгеге сатқанын мойындады.  Ол өз кезегінде Көкшетау қаласында малды сойып, етін сатқан. Олардың бірі бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1-бабының 2-бөлігі «мал ұрлығы» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдіктілерге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Олардың келтірген залалы 250 мың теңгеге бағаланып отыр.
-Бұл ауданда жыл басынан бері мал ұрлығының үшінші жағдайы. Алғашқы екі фактіде мал жайылымнан ұрланды. Тәжірибе көрсеткендей, қараусыз қалған мал қылмыскерлер үшін арандатушы фактор болып табылады, — дейді аудандық ПБ бастығы Марат Серкешев.
Ауданда еркін мал жаюдың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. 5 ай ішінде 39 мал иесі қаңғыбас мал үшін жауапкершілікке тартылды. Жыл басынан бері облыста мал ұрлығының 14 фактісі тіркеліп, оның 13-і ашылды, бір факті өндірісте.
Тағы да оқыңыздар: Ұлттық халық санағының алғашқы кезеңіне 246 адам тартылады
Источник: 7152.kz

Похожие записи

Комментарии

Instagram

Самые популярные