Источник: 7152.kz
Солтүстік Қазақстан облысы полицейлері синтетикалық есірткі шығарып келген шағын лабораторияны жойды. Петропавлдың 26 жастағы тұрғыны оны жалдамалы пәтерде ұйымдастырған, деп хабьарлайды 7152.kz тілшісі.
Бірнеше жас жігіт тәртіп сақшыларының назарына жылдың басында ілігеді. Олар Петропавл аумағында синтетикалық есірткілерді таратып келген. 2 ақпан күні есірткіні жасырын орынға салып кеткен 26 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Тінту кезінде одан он бес түйіншек табылып, тәркіленді. Сараптамадан соң оның «мефедрон» екені анықталды. Полицейлер сатушы болып жүрген 26 жастағы тағы бір қала тұрғынын ұстайды. Жігіттің жалдамалы пәтерінен полицейлер есірткі жасауға арналған құрал-жабдықты, яғни шағын лабораторияны анықтаған. Ол жерден сатуға дайын тұрған 160 гр. синтетикалық есірткіні тәркіледі.
-Аталған фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл баппен 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Ұсталғандар Петропавл қ. Полиция басқармасының уақытша қамауда ұстау изоляторына қамалды – дейді СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Жандос Басыбаев.
Жыл басынан солтүстікқазақстандық полицейлер осымен екінші есірткі лабораториясын әшкереледі.
Тағы да оқыңыздар: 26 сәуірден Қазақстандық QazVac препаратымен вакцинациялау басталады
Источник: 7152.kz