Петропавл тұрғынынан полицейлер нөмірлері өшірілген шолақ мылтық тәркіледі

Полицейлер Петропавл тұрғынынан шолақ мылтық тәркіледі. «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында тәртіп сақшыларының назары үйінен нөмірлері механикалық жолмен өшірілген, калибрі 16 мм «ТОЗ — БМ» маркалы қос ұңғылы шолақ мылтығына ұқсайтын қару табылған 55 жастағы қалалыққа ілікті. Тазарту құрылыстарында жұмыс істейтін ер адамның сөзінше, қаруды қамыс арасынан қапқа салынған күйде тапқан. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-б. «Атыс қаруын (тегiс ұңғылы аңшылық қаруынан басқа), оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Қару сараптамаға жіберілді.

«Жалпы тіркелмеген тегіс ұңғылы аңшы қаруларын сақтау әкімшілік заңнамамен қарастырылады, алайда шолақ қару мұндай қару түріне жатпайтындықтан оған қылмыстық жауапкешілік қарастырылады, — деп нақтылады СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция майоры Құрман Мусин. – ЖПІШ кезінде қаруды заңсыз сақтау фактілері бойынша барлығы 8 қылмыстық өндіріс қозғалды. 43 бірлік қару алынды, оның 27-сі тегіс ұңғылы, 2-і ойық, 3 газды, 9 электр, сондай-ақ 3 шолақ қару алынды. Сонымен қатар, ойық қаруға арналған 98 патрон және қолдан жасалған екі граната алынды».

Бүгінгі күні СҚО-да

7242 азаматтық қару иесі тіркелеген. ЖПІШ өткізілген бір ай ішінде барлығы тексерілді. Әкімшілік жауапкершілікке 249 адам тартылды, оның 180-і қару сақтау ережелерін бұзғаны, 38-і қайта тіркеу мерзімдерін бұзғаны, 31-і заңсыз сақтағаны үшін.

Қарудың криминалдық ортаға түсу қаупіне, оны қылмыста пайдалануға жол бермеуге бағытталған жұмыс алдағы уақытта да ұдайы негізде жүргізілетін болады.

СҚО ПД баспасөз қызметі

Похожие записи

Комментарии

Instagram

Самые популярные