Петропавлдық бір үйге екі рет ұрлыққа түсті

Источник: 7152.kz
Петропавлда әккі ұры бес жыл бұрын тонаған үйіне тағы да ұрлыққа түсті. Бұл жолы полицейлер қылмыстың ізін суытпай ашты, деп хабаралйды 7152.kz тілшісі.
Үйіне келген Жұмысшы кентінің тұрғыны терезесінің сынғанын көрген. Бағалы заттарды іздеген ұры үйдің астан-кестенін шығарыпты. Полицейлер осыған ұқсас қылмыстарды жасағаны үшін бұрын бірнеше рет сотталған 45 жастағы қала тұрғынын ұстады. Ұрланған заттар оның пәтерінен, ал алтын ломбардтан алынды. Келтірілген шығын көлемі 200 мың теңге.
Қылмыскер  2016 жылы да ол үй иелері болмаған кезде осы үйге ұрлыққа түсіп,  алысқа ұзамай  ұсталған еді. Сол жолы 2 жылға бас бостандығынан айырылды. 2018 жылы босап шыққаннан кейін, екі аптадан соң пәтер ұрлығын жасап, тағы  2 жыл 5 ай мерзімге сотталды.  Босап шыққанына бір ай өткен екен.  Полицейлердің айтуынша бұл жігіт күдіктілер тізіміне алғашқылардың бірі болып түскен. Себебі, бұрын істі болған тұлғалар ерекше бақылауға алынған. Ұқсас қылмыстар жасалған кезде бұл адамдар бірінші болып тексеріледі.   
-Биыл 196 пәтер ұрлығы тіркелді. Оның 120сы ашылып, сотқа жіберілген. Кетер алдында пәтерлердің есіктерін тексеріп, үй әйнектерінің ашық қалдырмауларын және де мүмкіндігінше дабыл қондырғыларын орнатуға және де аулалар мен пәтер подездерінде бейнебақылау орнатуға кеңес береміз -дейді СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының аса маңызды істер бойынша аға жедел уәкілі ДанияР Ғалиақпаров.
Тағы да оқыңыздар: Көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары үшін театрға кіру тегін болады
Источник: 7152.kz

Похожие записи

Комментарии

Instagram

Самые популярные