Құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен құрамында есірткі тектес заттар бар өсімдіктерді өсіру фактісі анықталды. 46 жасар қалалықтың пәтерінен 20 түп марихуана, фитолампалар, климатты бақылайтын құрылғы және «фитозертхананың» басқа да жабдықтары алынды. Марихуананы ер адам гүл егетін құмыраларда, шараларда өсірген. Күдіктінің айтуынша, «үйдегі өндірісті» өзі қолдану үшін ұйымдастырған. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 2-б. «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» және ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы «Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.
«Сараптама қорытындысына сәйкес,
зерттеуге берген үлгілер құрамында каннабис тектес есірткі заттары бар өсімдік болып табылады, — СҚО ПД Есіркі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының басытығы полиция полковнигі Жандос Басыбаев. Тамырларымен бірге жалпы массасы — 5,650 килограмм, бұл ірі көлемге жатады. Естеріңізге саламыз, құрамында есірткі тектес заттар бар өсімдіктерді заңсыз өсіргені үшін 2 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі, яғни 5 миллион 834 мың теңгеге айыппұл салу жазасы қарастырылған. Максималды жаза – 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру».
Жыл басынан СҚО аумағында 114,5 кг астам түрлі есірткі заттары алынды, оның 1 кг 429 гр. синтетикалық есірткі.
СҚО ПД баспасөз қызметі