СҚО полицейлері шетелдік маркалы көліктің жүксалғышынан 5 кг. жуық марихуана анықтады

СҚО Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Қызылжар ауданының 40 жастағы тұрғынын ұстады. Ер адам Петропавл қаласында болған. Полицейлер оның «Subaru Legacy» автокөлігінің жүксалғышынан өзіне тән ерекше иісі бар өсімдік тектес зат салынған, скотчпен оралған полимерлі пакетті анықтады. Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған зат есірткі құралы — салмағы 4 кг. 960 гр., кептірілген марихуана, яғни бұл аса ірі көлемге жатады. Аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Қазіргі уақытта оның есірткі сатуға қатысы бар-жоғы тексерілуде,

« — деді СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция полковнигі Жандос Басыбаев. – Ұсталған адамның аудан орталығы Бескөлде тұратын жерін тексерген кезде өсімдік тектес зат оралған екі полимерлі пакет пен таразы табылды. Алынған заттар сот-химиялық сараптамасына жіберілді. Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды».

Аса ірі көлемде есірткі сату мақсатынсыз заңсыз айналым жасаса, 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы, сату мақсатында болса, онда заңмен 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделгені туралы полицейлер еске салады. Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері есірткіні заңсыз сатумен байланысты 10 күдіктіге қатысты 13 қылмыстық істі сотқа жіберді. Есірткінің заңсыз айналымына байланысты ауыр және аса ауыр қылмыс үшін 16 адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

СҚО ПД баспасөз қызметі

Похожие записи

Комментарии

Instagram

Самые популярные