Солтүстікқазақстандық полицейлер гастролер ұрыны ұстады

Солтүстікқазақстандық полицейлер Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда жолда, ел кезіп ұрлық жасап жүрген ұрыны ұстады. 37 жасар қазақстандық еліміздің барлық қалаларында ойын жүзеге асырып отырған.

600 мың

Өткен аптада Петропавлдағы бутиктердің бірінің иесінен 600 мың теңгеден аса ақшасы бар әмияны ұрланған. Қалалық Полиция басқармасының жедел қызметкерлері қаскөйдің ізіне бірден түсті. Бұған сауда үйіндегі бейнебақылау камераларының көмегі де болды. Қылмыскердің жасаған іс-әрекеті, сонымен қатар алған жедел ақпараттан полицейлер есепте тұрған және де басқа өңірдегі әріптестеріне жақсы таныс ұрының ізіне бірден түсті. Бағдар барлық бекеттерге жіберілді, патрульдік полиция батальоны мен аумақтық бөлістердің қызметкерлеріне тапсырма берілді. Күдікті Солтүстік Қазақстан облысының аумағынан шыға алмады. Полицейлер оны кешке қарай «ізін суытпай» Новоишимское ауылынан шығар жерде ұстады.

«Ұсталған адамның машинасынан ұрланған ақша табылды. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Ұрлық фактісі жөнінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», — деді Петропавл қаласы Полиция басқармасы анықтау бөлімінің бастығы Махабат Абжанова.

СҚО ПД баспасөз қызметі

Похожие записи

Комментарии

Instagram

Самые популярные