Источник: 7152.kz
Өзбекстанның бес азаматы Петропавл құрылыстарының бірінде заңсыз жұмыс істеп келген. Олардың барлығы бір тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
Өзбекстан азаматтарын жұмысқа заңсыз алған бригадир ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 519-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Ол айыппұл төледі. Осы тектес, яғни өзге мемлекет азамттарын заңсыз жұмысқа тартудың 12 фактісі анықталды. Бұл тек 4 күнгі тексерістің нәтижесі. Рұқсатсыз облыста 48 шетелдік жұмыс істеген.
— Шетел азаматтарының көші-қон заңнамасын бұзудың 142 фактісі анықталды, — деп хабарлайды СҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Талғат Әбілов. -Бұл 7-16 маусым аралығында өтетін «Мигрант» жедел алдын алу іс-шарасының екі күндік нәтижесі. Соңғы уақытқа дейін Қазақстанда шетелдіктерді әкімшілік жауапкершілікке тартуға мораторий қолданылған. Түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Шетелдіктердің құқықтық мәртебесін реттеуге жеткілікті уақыты болды.
Полицейлер анықтаған бұзушылықтардың басым бөлігі-заңсыз жұмысқа орналастыру және шақырылған шетелдіктердің ҚР-да болу ережелерін бұзуы. Тәртіп сақшыларының айтуынша, кейбір жерлестеріміз шетелге көшкенде, Қазақстан азаматтығынан шығу жөніндегі ережелерді орындамайды екен. Сондықтан, жауапқа тартылмас үшін көші-қон қызметіне ҚР аумағынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кету туралы өтінішпен жүгіну қажет.Мамандар заңнама талаптарын егжей-тегжейлі түсіндіреді.
Тағы да оқыңыздар:Полицейлер жаңа киім формасына көшеді
Источник: 7152.kz