Биыл өңірлік медициналық мекемелерде жұмыс істеуге 128 жас дәрігер тартылады

Бүгінгі таңда СҚО бойынша дәрігер кадрлардың тапшылығы 272 бірлікті құрайды. Олардың ішінде жалпы практика дәрігерлері, анестезиолог-реаниматологтар, психиатрлар және сәулелік диагностика дәрігерлері бар.

«Nur Otan» партиясы СҚОФ жанындағы ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес отырысында денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Құмар Құсемісов медицина кадрларының тапшылығын азайту шаралары туралы айтып берді. Оның айтуынша, соңдай-ақ өңірде педиатрларға, акушер-гинекологтарға және дәрігер-зертханашыларға қажеттілік бар. Сонымен қатар, 102 орта медициналық қызметкерді тарту қажеттілігі бар.

2021

«2021 жылғы 9 шілдедегі жағдай бойынша 1,5 млн. теңге мөлшерінде көтерме жәрдемақы 27 дәрігерге 40,5 млн. теңге сомасында тағайындалды. Биыл 128 жас дәрігер, оның ішінде 56 маман ауылдық жерлерге, 72 маман қалаға тартылады күтілуде. Облыстық бюджет қаражаты есебінен білім алған 24 резиденттің келуі күтілуде. Қалған резиденттер оқуын аяқтап, 2022 жылы және 2023 жылы жұмысқа кіріседі. Денсаулық сақтау басқармасының бюджетінде ағымдағы қаржы жылына 143,5 млн. теңге салынды. 128 жас дәрігерді тарту үшін ағымдағы 2021 жылға қосымша қажеттілік 106 млн. теңгені құрайды», — деді Құмар Құсемісов.

Бүгінде облыста мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жергілікті бюджет есебінен 5 жылдан кем емес кейіннен жұмыспен өтеу шартымен 10 жоғары медициналық оқу орындарында жалпы сомасы 155,4 млн.теңгеге 113 резидент оқиды. Олардың арасында кардиологтар, анестезиологтар-реаниматологтар, офтальмологтар, оториноларингологтар, акушер-гинекологтар, неврологтар және басқа да көптеген мамандар бар. Қазір өңірдің денсаулық сақтау ұйымдарында 1 342 дәрігер және 5 022 орта медицина қызметкері жұмыс істейді.

Похожие записи

Комментарии

Instagram

Самые популярные