«Облыста жаппай мал сою байқалмайды», — СҚО әкімдігінде айтылды

Керісінше, өңірде жыл басынан бері ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлері өсуде: ірі қара мал – 3,5%-ға (495,2 мың бас), қой мен ешкі – 3,3%-ға (623 мың бас), шошқа – 6,2%-ға (249,6 мың бас), жылқы – 2%-ға (180,7 мың бас). Қосымша Еуропа және ТМД елдерінен 2 171 бас ірі қара мал төлі әкелінді.

Бұған дейін БАҚ-та өңірде ауыл тұрғындары шөп бағасының жоғары болуына байланысты мал кесуге мәжбүр екендігі туралы ақпарат болды. Осыған байланысты «Nur Otan» партиясының облыстық филиалы СҚО әкімдігінен мал азығымен қамтамасыз ету ісінің қалай жүріп жатқаны туралы білді.

Әкімдіктің ақпараты бойынша, өңірдегі барлық шаруашылықтарды азықпен қамтамасыз ету үшін 850 мың тонна шөп, 793 мың тонна сабан, 765 мың тонна жемшөп, 193,7 мың тонна пішендеме және 194 мың тонна сүрлем дайындау жоспарланған. Бүгінгі таңда 578 мың тонна шөп және 76,7 мың тонна пішендеме дайындалды.

Биылғы жылы қыстаққа кіретін мал басының саны шамамен 390 мың бас ІҚМ, 430 мың бас ҰММ және 134 мың бас жылқы құрайды деп күтілуде. Қосалқы және шағын отбасылық шаруашылықтарды белгіленген бағалар бойынша қолдау үшін жәрмеңкелер өткізіледі. Онда дайындалатын шөптің бөлшек сауда бағасы аудандарда тоннасына 15 мың теңгені, кебек – 20-дан 45 мың теңгеге дейін, астық қалдықтары – тоннасына 40-тан 50 мың теңгеге дейін құрайды.

Халыққа азықты төмендетілген бағамен сату үшін өңірдің агроқұрылымдарымен меморандумдар жасалады. Көптеген фермерлер халықты азықпен қамтамасыз етеді және оны өз қызметкерлері, зейнеткерлер мен табысы аз адамдар үшін жеңілдетілген бағамен сатады.

«Азық дайындау үшін қосымша 4,7 мың тонна көлемінде арзандатылған ЖЖМ бөлінді. Дайындалатын азықтардың қоры қажетті көлемді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда облыста жаппай мал сою және шаруашылықтарда мал басының төмендеуі байқалмайды», — әкімдіктен хабарлады.

#NurOtan #NurOtanSKO #АуылШаруашылығы #Корм

Похожие записи

Комментарии

Instagram

Самые популярные