Көпбалалы ана Солтүстік Қазақстан облысында депутат болғысы келеді

Источник: 7152.kz
Солтүстік Қазақстан облысында «Нұр Отан» партия праймеризінің бірінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
Бұл туралы брифингте «Нұр Отан» партиясы ОҚОФ төрағасының бірінші орынбасары Әсем Рахметова айтып берді.
Депутат болуға өңірдің 11 көпбалалы аналары мен 5 мүмкіндігі шектеулі облыс тұрғындары ниет білдірді, олардың ішінде көрнекті қоғам қайраткерлері Сәлімхан Сәбитов пен Владимир Эрман да бар. Сондай-ақ үміткерлер қатарында – 4 қандастар қатысуда.

— Үміткерлер қатарында облыстың танымал тұлғалары бар: олар – үш рет секіруден ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ирина Эктова, «Бүкілқазақстандық Кекушинкай Карате ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Солтүстік Қазақстан филиалының директоры Владимир Витченко, «Зенченко және компания» коммандиттік серіктестігінің Бас директоры, Қазақстанның Еңбек Ері Геннадий Геннадьевич Зенченко, — деді брифингте Әсем Рахметова.

Партия ішіндегі іріктеу праймеризді өткізу ережелеріне сәйкес өтеді және партиялық бақылау комитетінің, Орталық ұйымдастыру комитетінің тұрақты бақылауында болады.

— Праймеризді өткізудің барлық кезеңінде партиялық бақылау комиссиясы жұмыс істейтінін атап өткім келеді, оның міндеттері праймериздердің барлық ережелерінің сақталуын бақылау болып табылады: бұл үгіт-насихат жұмыстарының барысы және дауыс беру барысы, — деп «Нұр Отан» ОҚОФ партиясы төрағасының бірінші орынбасары түсіндірді.

Басқа өзекті жаңалықтар: Завершился первый этап праймериз партии «Nur Otan».
Источник: 7152.kz

Похожие записи

Комментарии

Instagram

Самые популярные