Домой Политика Конфессияаралық келісім аллеясында алғашқы 30 қайың көшеті отырғызылды

Конфессияаралық келісім аллеясында алғашқы 30 қайың көшеті отырғызылды

4
0
Конфессияаралық-келісім-аллеясында-алғашқы-30-қайың-көшеті-отырғызылды

Источник: 7152.kz
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. Осыған және ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Тұңғыш Президент саябағында барлық діни конфессия өкілдері жиналып, ағаш отырғызды, деп хабарлайды7152.kzтілшісі.
Көшет отырғызу акциясы Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ұйымдастырылды. Бұл іс шара  республикадағы конфессияаралық келісімнің көрінісі болып табылады. Акция аясында конфессияаралық келесім аллеясында алғашқы 30 қайың көшеті отырғызылды. Мереке қарсаңындағы шараға облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов те қатысып, тал екті.
-Алдымызда үлкен мереке, халқымыздың бірлігі күні. Осы мерекенің алдында біздің діни басқармалардың, діни орталықтардың 23 басшысы жиналып, аллеяда ағаш егіп жатыр. Бұл науқанның символикалық мағынасы өте зор. Біздің мемлекетіміз, облысымыз көп ұлтты, конфессиялық. Сол себепті біз баршамыз татулықта өмір сүруіміз өте маңызды- деді  облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов.
Қазақстан Республикасы достығы жарасқан, көпке үлгі болып отырған  мемлекет. Мұнда түрі, діні бөлек болса да, тілегі бір азаматтар бір шаңырақ астында тату-тәтті күн кешуде.  Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан облысында 100-ден астам этнос өкілі тұрады. Өңірде 11 конфессия бар.
Тағы да оқыңыздар: Петропавлда ескі мешіт қалпына келтіріледі
Источник: 7152.kz