Домой Правительство для граждан ЖК-ны қалай тіркеуге болады

ЖК-ны қалай тіркеуге болады

4
0
kak-zaregistrirovat-ip.jpg

Кәсіп ашу үшін батылдылық пен шыдамдылық қажет екені сөзсіз. Бар бизнес-жоспарыңызды іске асыруға дайын болсаңыз, ең басты талап – кәсіпті заңды түрде рәсімдеуді ұмытпаңыз.

Бұрын кәсіпкер болу үшін құжаттарды жинап, салық органына бару керек еді. Енді мұны бірнеше минут ішінде онлайн түрде жүзеге асыруға болады.

Төменде қысқаша нұсқаулық көрсетілген:

• «Е-лицензиялау» elicense.kz порталына кіріп, ЭЦҚ көмегімен тіркеліңіз

• Тіркелгеннен кейін басты беттегі «Қызмет көрсету» батырмасын таңдаңыз

• Қосымша «Хабарлама жасау тәртібі» бетін таңдаймыз, «Дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама» сілтемесін басамыз

• «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын таңдайсыз

• Жеке кәсіпкерлік туралы деректерді толтырасыз (қызмет түрі, салық салу тәртібі және т.б.). Мұнда сіз сондай-ақ мемлекеттік органға сұрау сала аласыз. Егер салықтан берешегіңіз болса, сізге Жеке кәсіпкерлікті тіркеуге рұқсат берілмейді.

• ЭЦҚ көмегімен барлық деректерді толтырғаннан кейін сіз салық органына хабарлама жібересіз.

• elicense.kz жеке кабинетінде «Менің рұқсат беру құжаттарым» бөлімінде «Хабарлама» бетін таңдаңыз. Берілген өтініш мәртебесінде лупа белгісін басып(қарау), ашылған терезеден Жеке кәсіпкерлік туралы хабарлама мен талонды жүктеп алып, басып шығара аласыз.

Салық органына жеке кәсіпкерлікті бастағаныңыз туралы хабарлағаннан кейін сіз кәсіпкер болып саналасыз.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі