12 ноября 2026·Петропавловск, 0°C

FacebookInstagramYouTube·КонтактыВойтиРегистрация

Северо-Казахстанская
область · РК

ГлавнаяОбществоЖылжымайтын мүлік ауыртпалықтары туралы анықтаманы онлайн алу
Общество

Жылжымайтын мүлік ауыртпалықтары туралы анықтаманы онлайн алу

ЧЧудинов Роман · Редакция27 июля 2021 · 1 мин чтения

Пәтерді, үйді, саяжайды немесе басқа мүлікті сату туралы шешім қабылдасаңыз, сізге міндетті түрде ауыртпалық туралы анықтама қажет болады. Кез келген сатып алушы сіздің жылжымайтын мүлігіңіз кепілдікте немесе тыйым салуда ма екенін сұрайды. Сол себепті, мұндай анықтаманы Egov.kz портал арқылы 20 минут ішінде тегін ала аласыз.

Төменде нұсқаулық көрсетілген:

— Egov.kz порталында авторизациядан өтіп, іздеу жолы арқылы «Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама алу» қызметін табыңыз.

— «Қызметке онлайн тапсырыс беру» таңдап, деректерді толтырыңыз. Нысанның түрін, оның мекенжайын немесе кадастрлық нөмірін көрсетіңіз.

— ЭЦҚ көмегімен өтінімге қол қойыңыз. 20 минут ішінде анықтама дайын болады.

Ісіңізге сәттілік тілейміз!

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі

Читайте также

Комментарии