Айыртау ауданында жабайы үйректер құс тұмауынан қырылып жатыр

Источник: 7152.kz
Солтүстік Қазақстанда жабайы қанаттылар құс тұмауынан қырылып жатыр.Айыртау ауданының орталығы Саумалкөл ауылындағы көл жағасында 102 үйрек пен 2 шағаланың өлексесі табылды. Алынған сараптама олардың құс тұмауынан өлгенін көрсетті, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі Azattyq Rýhy сілтеме жасап.
Облыстық вевтринария басқармасының мәліметінше елді мекенде әзірге карантиндік шаралар енгізілмейді. Өйткені 104 бас көп емес. Қазір ауылдағы үй құстарына вакцина салынып жатыр.
-Құстардың өлексесі маусымның 6-ы табылған болатын. Сараптамалық материалдар алынды. 10-ы күні Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық референттік орталықтан сараптама нәтижесі келді. Саумалкөл көлінің маңындағы Саумалкөл және Краснагорка ауылдарында вакцинациялау жұмыстары жүріп жатыр. 5711 қанаттыға епке салынды. Жалпы бүгінгі күнге дейін 445,9 мың доза вакцина пайдаланылды. Өңірде мал-құстардың жұқпалы ауруларына байланысты жағдай тұрақты. Дер кезінде екпе салынып жатыр, — дейді облыстық ветеринария басқармасының бас маманы Нариман  Тасболатов.
Жыл соңына дейін 1,3 млн-ға жуық құсқа вакцина салу жоспарланған. Өткен жылы өңірде құс тұмауы жаппай таралған болатын. Салдарынан 9 мыңға жуық қанатты қырылып қалған. Оның 800 мыңнан астамы құс фабрикаларына тиесілі болса, қалғаны тұрғындардың жеке шаруашылығында тіркелген. Иелеріне мемлекет есебінен берілген өтемақы мен өлекселерді жоюға кеткен сома 960 млн теңгеден асты. Инфекиця өршіп, бірнеше елді мекен карантинге жабылған болатын. Мамандар биыл өткен жылғы жағдайдың қайталанбайтынына сенмді. Себебі екпе алған құстардың ауруға шалдығатыны сирек жағдайда ғана тіркеледі.
Тағы да оқыңыздар: Алдағы екі күнде күн жаңбырлы әрі салқын болады
Источник: 7152.kz

Похожие записи

Комментарии

Instagram

Самые популярные