Наиб-имам: зираттағы орындар тегін

Источник: 7152.kz
Зираттан алдын ала жерлеу орнын қалай алып қоюға болады және зиратты абаттандыруға кім жауапты? 7152.kz тілшісі зерттеді.
Сұрақтарға жауап алу үшін 7152.kz тілшісі  «Қызылжар» орталық мешітінің наиб-имамы, «Зекет» қайырымдылық қорының өкілі Мұхаммадзахир Мирзаевтен сұхбат алды. 
Наиб-имамның сөзінше, солтүстікқазақстандықтар зираттан алдын ала орын таңдап, оны броньдсақтай алады. Бірақ, діни тұрғыд ан қарасақ, бұл дұрыс емес. 
— Егер зиратта бос орындар болса, тұрғындар оларға тапсырыс бере алады. Бірақ ол үшін міндетті түрде қоршау салу керек. Броньдау мүмкіндігі тек қарт адамдарға қарастырылған, — деді Мұхамедзахир Мирзаев.
Кейбір азаматтар марқұмды туған-туысының жанына жерлегілері келеді. Бірақ, көрші учаскені өзге біреу алдын ала қоршап қойған. Бұл жағдайды қос тарап өзара шешулері тиіс. Бұған мешіт өкілдері араласпайды. 
Сондай-ақ, ол жерлеу орындары тегін екенін түсіндірді.
— Ал, енді қабірлерді абаттандыруға келер болсақ. Шаруаны жылына бір рет жергілікті әкімдік пен мешіт өкілдері бірлесіп ұйымдастырады, — деді Қызылжар аудандық Кәусар мешітінің бас имамы, Адай Жилкайдаров.
Басқа өзекті жаңалықтар:Наиб-имам: места на кладбище бесплатные.
Источник: 7152.kz

Похожие записи

Комментарии

Instagram

Самые популярные