Домой Разное Саяжайларын су басқан тұрғындарға 43 млн теңгенің көмегі көрсетіледі

Саяжайларын су басқан тұрғындарға 43 млн теңгенің көмегі көрсетіледі

2
0
Саяжайларын-су-басқан-тұрғындарға-43-млн-теңгенің-көмегі-көрсетіледі

Источник: 7152.kz
Көктемгі су тасқыны кезінде саяжакй учаскесі  зардап шеккен 861 тұрғынға 43 млн теңгенің көмегі көрсетілді. Оған ақшаны  Қазақстанның Қызыл Жарты ай қоғамы, Болат Өтемұратов қоры және Fortebank бөліп отыр, джеп хабарлайды 7152.kz  тілшісі.
43 млн теңге Есіл өзені тасыған кезде саяжай учаскелерін су басқан 861 тұрғынға бөліп беріледі. Қазақстанның Қызыл Жарты ай қоғамы СҚО филиалының мәліметінше,  ақшаны бөлмей тұрып олар Петропавл қаласы маңындағы саяжай учаскелерін аралап, халықпен кездесіп, мәселені анықтап алған. Қаржылай көмек су тасқыны кезінде үйлері айтарлықтай зақымданған тұрғындарға — көпбалалы және толық емес отбасыларға, жалғызбасты зейнеткерлерге, мүгедектерге беріледі. Әр отбасы мүшесіне шотында 50 мың теңгесі бар банк картасы ұсынылады.
«Көмек картасы» жобасы 2018 жылдан бері жүзеге асып келеді. Айта кетсек, былтыр су тасқынынан зардап шеккендерге 39 миллион теңге көлемінде ақшалай көмек көрсетілді.200 ге жуық тұрғын жәрдемақы алды. 
Тағы да оқыңыздар: Бір ауылда бірнеше үй отқа оранды
Источник: 7152.kz