Солтүстікте ауа температурасы төмендейді

Источник: 7152.kz
5-7 маусым аралығында Скандинавия аудандарынан суық антициклонның келуіне байланысты ауа температурасы  төмендеп, облыста үсік жүреді, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі Қазгидромет хабарламасына сілтеме жасап.
Синоптиктердің айтуынша, еліміздің оңтүстік бөлігінде бұрынғысынша құрғақ әрі ыстық ауа райы сақталады.
-Скандинавия аудандарынан суық антициклонның келуі республиканың солтүстік жартысында ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне алып келеді. Түнде 2-7 градусқа дейін жылы болады, кей жерлерде 2 градусқа дейін үсік жүреді, күндіз 10-20 градус жылы болады, ал оңтүстік жартысында биік жотаның және Түркіменстаннан келетін жылы ауа массаларының әсерінен құрғақ және ыстық ауа райы сақталады,- делінген хабарламада.
Тағы да оқыңыздар: Мемлекеттік рәміздер күніне орай бірнеше акция өтті
Источник: 7152.kz

Похожие записи

Комментарии

Instagram

Самые популярные