Ветеринар мамандар 5 тонна өнімді саудалауға рұқсат бермеді

Источник: 7152.kz
Бұл туралы әкімдік отырысында ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің облыстағы аумақтық инспекциясының басшысы Марат Ибраев айтты, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
Ведомство басшысының айтуынша, өңірдің сауда базарларында тексеріс жұмыстары тұрақты негізде жүргізілуде.
— Ағымдағы жылы базарларда 12 800 ұшаның барлық түрі, екі тоннаға жуық балық, 17 800 кг сүт және 690 000  жұмыртқа ветеринариялық куәландырудан өтті.  Нәтижелері бойынша бес бұзушылық анықталды, 175 мың теңгеге айыппұл салынды және ветеринариялық талаптарға сәйкес келмеуіне байланысты бес тоннаға жуық өнім саудадан алынды.  Халық арасында тамақтан улану жағдайлары тіркелген жоқ, — деді Ибраев.
Спикер СҚО полиция департаментімен бірлесіп еттерді  заңсыз тасымалдау фактілерін анықтау бойынша жұмыс ұйымдастырылғанын атап өтті. Жыл басынан бері 74 бұзушылық анықталып, 2 млн 300 мың теңге айыппұл салынды.
-Облыс бойынша 93 сою нысаны бар, оның ішінде 78 бордақылау алаңы бар. Қолайсыз пункттерде  малдардың  аса қауіпті аурулары бойынша тұрақты бақылау жүргізіледі. Өткен жылы қолайсыз пункттер бойынша, оның ішінде бруцеллез және құс тұмауы бойынша 59 бұзушы тартылып, 2,5 млн теңгеге айыппұл салынды. Ветеринариялық іс-шараларды өткізу кезінде биологиялық қауіпсіздік саласындағы бұзушылықтар үшін биыл 480 мың теңге сомасына 21 құқық бұзушыға айыппұл салынды, сондай-ақ 46 ұйғарым шығарылды, — деп толықтырды Ветеринариялық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы.
Ветеринариялық қауіпсіздікті және экспортқа шығарылатын бақылаудағы жүктерді анықтау мақсатында 2021 жылы 49 тамақ және 135 астық өнмдерінің сынамалары тексерілді. Олардың барлығы қауіпсіздік көрсеткіштеріне сәйкес келді.
Тағы да оқыңыздар: Облыста балалар үшін спорттық секциялар мен үйірмелер тегін болады
Источник: 7152.kz

Похожие записи

Комментарии

Instagram

Самые популярные