12 ноября 2026·Петропавловск, 0°C

FacebookInstagramYouTube·КонтактыВойтиРегистрация

Северо-Казахстанская
область · РК

ГлавнаяОбщество8 адамды түтіндеген үйден құтқарған Әскери институт офицері ІІМ медалімен марапатталды
Общество

8 адамды түтіндеген үйден құтқарған Әскери институт офицері ІІМ медалімен марапатталды

ААдминистрация Администраторов · Редакция1 июня 2021 · 1 мин чтения

Источник: 7152.kz
Көрсеткен ержүректілігі мен батылдығы үшін ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен аға лейтенант Доскен Есжанов «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
Еске сала кетейік, 24 мамыр күні сағат 13.00-де Ұлттық ұлан Әскери институтының аға лейтенанты Доскен Есжанов, үйінен жұмысқа шығып бара жатқанда подъезде қою түтінді байқайды. Офицер оқиға орнына өрт сөндірушілерді шақырады. 
От  тұрғын үйдің жетінші қабатынан шыққан, кіреберістің терезесі өртеніпті. Мамандар  келгенше  офицер оттыауыздықтап, тұрғындарды сыртқа шығара бастаған.  
Ұландық әскери қызметші өрт сөндірушілермен бірге сегіз адамды, оның ішінде екі баланы қауіпсіз жерге шығарды.
Тағы да оқыңыздар:Қостанайдан қонаққа келген жігіт суға кетті
Источник: 7152.kz

Читайте также

Комментарии