Демалыс лагерьлерінің ашылуы эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады

Источник: 7152.kz
Петропавл қаласының әкімі Болат Жұмабеков балалардың жазғы демалысын дайындау мен ұйымдастыруды жеке бақылауына  алды. Биыл Петропавлда 23367 оқушыны қамту жоспарланған, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
Жазғы демалыс-бұл тек балалар лагері ғана емес, сондықтан қала әкімі мектептің спорт алаңдарының жағдайына жеке тоқталып, олардың әрқайсысын тексеруді тапсырды. Сондай-ақ спорттық жарыстар мен турнирлер өткізу үшін аула клубтарының жұмысын ұйымдастыру қажеттігін еске салды.
Балалардың демалыс және сауықтыру лагерьлерінің ашылуы эпидемиологиялық жағдаймен тығыз байланысты. Әзірге 17 маусымға жоспарланып отыр.  Лагерьлер жаздың соңына дейін балаларды бес рет қабылдамақ. Маусым 10 күнге шақталған. 23367 оқушы Петропавл маңындағы «Ақ қайың» мен «Достық» балалар лагерьлерінде демалады. Қазір бұл демалыс орындарында дайындық жүргізіліп жатыр. Петропавл қаласының әкімі Болат Жұмабеков демалыс лагерьлерінің дайындығын өз бақылауына алды. Шаһар басшысы  балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ педагогикалық ұжымды іріктеуге және корпустардың санитарлық жағдайына ерекше назар аударуға шақырды.
Тағы да оқыңыздар: Мектепке алып келуге тыйым салынған заттардың тізімі жасалды
 
Источник: 7152.kz

Похожие записи

Комментарии

Instagram

Самые популярные