Еңбегі де, ерлігі де үлгі болған ардагер

Источник: 7152.kz
Ұлы Отан соғысының ардагері, Петропавл тұрғыны Қожатай Некібаевтың ерлігі де, жеке өмірі де, еңбегі көпке үлгі. Себебі  қан майданға 17-і жасында аттанған ол, елге жеңіс жауынгері болып оралды, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
Қожатай Некібаев ел басына күн туғанда 17 жасар бозбала еді. Кеше ғана ойнап жүрген балаға әскерге шақыру хаты келеді. Сол қыстың қаһарлы күндері Қожатай атаның есінде ұсақ-түйегіне дейін есте қалған. 13-ші дивизияның 48-ші кавалериялық полкі құрамында жауынгер Некібаев, Еуропаның бірқатар қалаларын азат етуге қатысқан.
-Алғаш рет қолыма винтовка алып, Украинада соғысқа шықтым. Одан кейін Румыния, Венгрия, Чехословакия, Австрия жеріне өттік. 1945 жылы Австрия астанасы Венаны босатып, бұйрық күтіп отырғанда Жуков пен Коневтің әскері Польша арқылы Берлинге кіріп, 30 сәуір күні Рейхстагқа Жеңіс туын тікті. 9 мамыр «Жеңіс күні» деп жарияланды. Соғыстың аяқталғанына бірден сене алмадым- деп еске алады соғыс адагері Қожатай Некібаев.
Қожатай Некібаев Украина жерін азат етіп, 3 жыл механизация полкінде жұмыс істеді. Ол туған жерге 1948 жылы ғана оралды. Сұрапыл жылдардың артта қалып, Жеңіс туының желбірегеніне 76 жыл толса дағы, жерлес жауынгер үшін сол қырғын әлі де көз алдында. Жарылған снарядтар, атылған оқ. 
— Қаңғырған жарықшақтар талай адамның өмірін жалмады. Ол кезде майданға аттанған азаматтардың арасында  қаруды қалай ұстап, ату керектігін білмейтіндер де болды. Қарапайым ауыл тұрғыны оны қайдан білсін? Затворды ашып, қаруды оқтай алмайтын. Оны түсіндіруге де шама да, уақыт та  жоқ. Сол күйі өліп кеткендер қаншама?! Шынымды айтсам, өзім осы күнге жетемін деп ойлаған жоқпын. Тіпті, соғыстан аман ораламын деп ойлаған жоқпын — дейді ардагер.
Елге оралған соң, Қожатай Некібаев саналы ғұмырын ұстаздыққа арнайды. Биыл  97 жасқа толатын ардагер 10 баладан 25 немере және 16 шөбере сүйіп отыр.  
Тағы да оқыңыздар:Жеңіс жауынгері
Источник: 7152.kz

Похожие записи

Комментарии

Instagram

Самые популярные