Домой Общество Ертең қасиетті рамазан айы басталады

Ертең қасиетті рамазан айы басталады

1
0
Ертең-қасиетті-рамазан-айы-басталады

Источник: 7152.kz
Биыл 13 сәуірге қараған түні мұсылман қауымы ауыз бекітіп, 30 күн бойы ораза ұстауға кіріседі. Бес уақыт намаз, жұма және тарауық намаздары  мен ауызашар  өңірдің санитарлық эпидемиологиялық жағдайына байланысты қарай өткізілмек. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстың бас имамы Кенжетай Байкемелұлы мәлімдеді  деп, хабарлайды 7152.kz тілшісі.
Өткен жылы төтенше жағдайға байланысты мешіттер толығымен жабық болса, биыл бес уақыт намаз, жұма намазы,тарауық намазы мен ауызашар өңірдің санитарлық эпидемиологиялық жағдайына қарай өткізілмек.   
 — Биылғы ауызашарларымыз тек қана өздеріңіздің жанұяларыңызда отбасыларыңыздың қасында болса, нұр үстіне нұр болады. Өйткені көпшілік болып, ауызашарға шақырып, онда індеттің таралуына жол беріп қоятын болсақ, бұл өкінішті болады әрине, — дейді облыстың бас имамы.                                                                                                             
Сонымен қатар, Кенжетай Байкемелұлының айтуынша,  коронавирусқа қарсы вакцина оразаны бұзбайды екен.  Адамның ас қорыту жүйесіне ауыз немесе мұрын арқылы енген кезде ғана ораза бұзылады.  Осы жылғы пітір садақаның мөлшері 420 теңге болып бекітілді. Оны «Kaspi .kz» қосымшасы арқылы онлайн түрде де беруге болады. Биыл  9 мамырға қараған түні- Қадір түні. Ал 13 мамыр Ораза айттың бірінші күні болады.
Тағы да оқыңыздар: Санврач призвал североказахстанцев соблюдать ограничительные меры в Рамадан.
Источник: 7152.kz