Есенгелді Кәрібаев дүниеден кетті

Источник: 7152.kz
Ақжар және Уалихан аудандарының құрметті азаматы Есенгелді Шәйкенұлы дүниеден кетті, деп хабарлайды 7152. kz
7 шілде еңбек сіңірген ағамыз Есенгелді Шәйкенұлы Кәрібаев дүниеден кетті. Есенгелді Шәйкенұлы 1954 жылы 13 мамырда Көкшетау облысының Қызылту ауданының Бұланбай селосында дүниеге келген.
1976 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын «Экономика және ауыл шаруашылығын ұйымдастыру» мамандығы бойынша аяқтап, экономист-ұйымдастырушы біліктілігі берілген болатын.
Еңбек жолын 1971 жылы «Қазақстанға 40 жыл» совхозының шопан көмекшісі ретінде бастады. 20 жылдан артық Қарағанды және Көкшетау облыстарының бірқатар совхоздарында бас экономист болып жұмыс істеді.
1997 жыл және 2000 жыл аралығында Ленин аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы лауазымында еңбек етті.
1997 жыл және 1999 жыл аралығында Ленин ауданы әкімінің бірінші орынбасары лауазымында, одан ары Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарды.
2001 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің қасындағы мемлекеттік қызмет Академиясын аяқтағаннан кейін жерлердің пайдалануын бақылау және қорғау жөніндегі Солтүстік Қазақстан мемлекеттік инспекциясының бастығы болып тағайындалды.
2000 жыл және 2006 жыл аралығында Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының әкімі лауазымында, содан кейін 2006 жыл және 2008 жыл аралығында жер ресурстарын басқару жөніндегі Солтүстік Қазақстан облысының аумақтық басқармасының бастығы, 2008 жыл және 2009 жыл аралығында — ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша Мекемеаралық жер инспекциясы бастығының орынбасары болып жұмыс істеді, 2009 жылғы 19 мамырдан зейнетке шыққанға дейін «Солтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы» ММ басшысы лауазымында қызмет атқарды.
Еңбек жолында Есенгельді Шайкенұлы ҚР Конституциясы мен Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған мерейтойлық медальдармен марапатталды, сондай-ақ, облыс әкімінің құрмет грамотасына ие болды. Ауыл шаруашылығы қызметкерінің күніне орай 1,2, және 3-ші дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталды, ал, 2018 жылы «Еңбек ардагері» медаліне ие болды, сондай-ақ «Ерең еңбек үшін» медалімен марапатталды.
Әріптестері мен достары Есенгельді Шайкенұлының туыстарына көңіл білдіруде.
Тағы оқыңыз: Биыл Солтүстік Қазақстанда қоныс аударушылар үшін 800 үй салынады 
Источник: 7152.kz

Похожие записи

Комментарии

Instagram

Самые популярные