Оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударушылар үшін біржолғы төлемдер екі есеге өсті

Источник: 7152.kz
Премьер-министр «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер енгізу туралы Үкімет қаулысына қол қойды. Оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударушылар үшін біржолғы төлемдер екі есе – отбасының әрбір мүшесіне 35-тен 70 АЕК-ке дейін өсті, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
Осылайша, СҚО – ға қоныс аударған жағдайда отбасының әрбір мүшесі 204 190 теңгеден алады (2021 жылы 1 АЕК-2917 тг). Сонымен қатар, кеше сенаторлар пленарлық отырыста қоныс аударушыларға несие бойынша төлемдерді 6 айдан 12 айға дейін кейінге қалдыруды ұсынды.
Айта кетейік, қоныс аудару бағдарламасын іске асырудың бес жылында Қазақстанның солтүстігіне 20 мыңға жуық адам келді.
Солтүстік Қазақстан облысын дамытудың 2025 жылға дейінгі кешенді жоспары барысында облыста 97 мың жұмыс орнын құру және жұмыс күші артық өңірлерден 10 мыңға жуық адамды көшіру есебінен демографияны жақсарту жоспарлануда.
Жыл басынан Солтүстік Қазақстанға «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының аясында Оңтүстік өңірлерден 524 адам, яғни 162 отбасы қоныс аударды. Жалпы биыл 2 500 азаматты қабылдау көзделген. Өткен жылы карантиндік шектеулерге байланысты облысқа 590 адам көшіп келді.
Тағы да оқыңыздар: Петропавл тұрғынын бірге арақ ішкен танысы 1 млн теңге қарызға батырды
Источник: 7152.kz

Похожие записи

Комментарии

Instagram

Самые популярные