Облыста саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай 2,5 мың адам жәрдемақы алады

Источник: 7152.kz
Солтүстік Қазақстан облысында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай 2 538 адам біржолғы жәрдемақы алады, деп хабарлайды  7152.kz  тілшісі.
СҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, өңірде 2014 жылдан бері саяси қуғын-сүргін құрбандарына бір реттік төлем төленіп келеді.
-Облыста 2 538 саяси қуғын-сүргін құрбаны және олардың балалары бар. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай биыл да зардап шегушілерге біржолғы көмек берілді. Былтыр 7 АЕК болса, биыл 10 АЕК-ке дейін өсті. Яғни жәрдемақы мөлшері 29 170 теңгеге жетті, — дейді СҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының маманы Назерке Тасқұлова. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 89 млн теңге қарастырылған.
Тағы да оқыңыздар: Президент: 31 мамыр – ел тарихындағы ең азалы кезеңнің бірін еске алу күні
Источник: 7152.kz

Похожие записи

Комментарии

Instagram

Самые популярные