Домой Общество СҚО-да түрмеде отырған ерлі-зайыптыларға онлайн кездесу ұйымдастырылды

СҚО-да түрмеде отырған ерлі-зайыптыларға онлайн кездесу ұйымдастырылды

0
0
СҚО-да-түрмеде-отырған-ерлі-зайыптыларға-онлайн-кездесу-ұйымдастырылды

Источник: 7152.kz
Солтүстік Қазақстан облысында түрмеде отырған ерлі-зайыпты бейне байланыс арқылы кездесті, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 
Пандемия кезінде жақын адамдармен әлеуметтік пайдалы байланыстардан қол үзбеу мақсатында СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/6 мекемесі моральдық-этикалық құндылықтарды баулу мақсатында бірқатар шаралар өткізуде. 
Бүгінде Урмановтар жанұясы қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жазасын өтеп жүр. Сотталушы Тимур Урманов қамауға былтырғы жылдың аяғында түсті, ал оның жұбайы С. Урманова әйелдер колониясында жазасын өтеп жатқанына бір жылға таяп қалды. Отбасы жайлы әңгіме қозғалса, Тимур жарына күнде хат жолдап, оның жауабын асыға күтетіні айтады. Мекеме басшыларының рұқсатымен сотталған азаматтар үшін «Skype» арқылы сөйлесуге мүмкіндік берілді.
Тимур әйелімен бостандықта жүргенде үйленген екен. Қазір жалғыз қыздары бар. Бүгінде ол әжесімен бірге тұрады. 
Сотталғандар жұнұясымен байланыс үзбей, әрдайым сөйлесіп тұрады. Орган қызметкерлерінің айтуынша, бұл олардың тәртібіне оң әсерін тигізіп жатыр. Қазіргі уақытта Урманова С. СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/6 мекемесінің «Щеголев» ЖК тоқыма цехінде жұмыс істейді, ал, Тимур бос уақыт және өзі-өзін тәрбиелеу секциясы мәдени шараларының белсенді қатысушыларының бірі.
Зарина Файзулина
Тағы оқыңыздар: Басқа өзекті мақалаларҚасиетті Рамазанда еліміздегі нөмірі бірінші көпбалалы отбасына көмек берілді.
Источник: 7152.kz