13 ноября 2026·Петропавловск, 0°C

FacebookInstagramYouTube·КонтактыВойтиРегистрация

Северо-Казахстанская
область · РК

ГлавнаяОбществоСолтүстік Қазақстанда өлім-жітім туу көрсеткішінен жоғары
Общество

Солтүстік Қазақстанда өлім-жітім туу көрсеткішінен жоғары

ААдминистрация Администраторов · Редакция18 мая 2021 · 1 мин чтения

Источник: 7152.kz
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, СҚО-да 542,5 мың адам тұрады, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында 1587 сәби дүниеге келді: 846 ұл және 741 қыз. Айта кету керек, жаңа туған нәрестелердің 40% — дан астамы Петропавлда тіркелген.
Облыс аудандарының арасында бала туу бойынша Шал ақын ауданы көш бастап тұр, ал Тимирязев ауданында демография көрсеткіші төмен.
Статистикаға сәйкес, өңірде өлім-жітім туу көрсеткішінен жоғары: есепті кезеңде 1958 солтүстікқазақстандық қайтыс болды, яғни 371 адамға көп.
Көз жұмғандардың 20% — ы тыныс алу органдарының ауруларынан, 14% — дан  астамы — қан айналымы жүйесінің ауруларынан, 7,5% -ас қорыту органдарының ауруларынан қайтыс болды.
Солтүстік Қазақстан халқының азаюы — көші-қонмен де  байланысты. Өңірге  1186 адам көшіп келсе, 2076 азамат облыстан қоныс аударды.
Тағы да оқыңыздар: Демалыс лагерьлерінің ашылуы эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады
Источник: 7152.kz

Читайте также

Комментарии