Источник: 7152.kz
4 жастан 17 жасқа дейінгі балалар үшін спорттық секциялар мен үйірмелер тегін болады. Бұл туралы әкімдік отырысында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы айтты, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
Өңірде мамыр айынан бастап мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырыс жүзеге асырылады. Әкімдік отырысында дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Сергей Мелехов, балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерін жан басына қаржыландыру қосымша 1030 баланы қамтуға мүмкіндік беретінін айтты. Оның 62 мүмкіндігі шектеулі бала. Футбол, теннис, бокс, көркем гимнастика, каратэ, жүзу, таэквондо, спорттық би және шахмат секциялары тегін болады.
-Спорт жыл сайын балалар мен жастар үшін тартымды бола түсуде. Балалар уақыттарын спорт залдарында көбірек өткізулері керек. Менің ойымша, ата-аналардың ешқайсысы қарсы болмайды. Балалар қазір күні бойы гаджеттерді қарап отырады, — деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.
Тағы да оқыңыздар: 78 жастағы зейнеткерді көлік қағып кетті
Источник: 7152.kz