Петропавл қ. ПБ Екінші полиция бөлімінің жедел уәкілдері бірқатар велосипед ұрлығын ашты. 30 бен 31 мамыр аралығындағы екі күнде Сәтбаев пен Радищев көлеріндегі үйлердің подъездерінен: құны 150 мың теңгенің «Mariano» мен 45 мың теңгенің «Dimeisi» спорттық велосипедтері жоғалған. Сәтбаев көшесіндегі үйдің подъезіндегі камера полицейлерге күдіктіні анықтауға мүмкіндік туғызды. Бұрын ұялы телефон ұрлағаны үшін сотталған 24 жастағы петропавлдықтың қатысы бары анықталды. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдікті ұсталып, оған қатысты қамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Жедел уәкілдер ұрланған мүлік пен сатып алушыларды іздестірді. Велосипедтер алынып, иелеріне қайтарылды. Күдіктінің осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бары тексерілуде.
«Айта кететін болсақ,
сол адам Бірінші полиция бөлімі аумағында жасалған велосипед ұрлығына күдіктелуде, — дейді қалалық ПБ криминалдық полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Дархан Зияфиддин. — Барлық жағдайда да күдікті бөтен подъездерге кірген. Қаскөйлер көбіне магнитті құлып пен домофон түріндегі қорғаныс құрылғыларынан айналып өтуге тырысады. Кең тараған тәсілдер: Тұрғындардың бірінің үйге кіргенін күту немесе қандай да бір қызметтің қызметкері немесе көршілердің біріне келдім деп хабарласуы. Қырғалық танытып, мүмкіндігінше подъездерге бейнебақылау камераларын орнатуды сұраймыз – бұл осы сынды қылмыстарды ашу мен алдын алудың сенімді құралы болып табылады».
Жыл басынан Петропавлда 16 велосипед ұрлығы ашылды.
СҚО ПД баспасөз қызметі