Есіл ауданына жаңа әкім тағайындалды

Источник: 7152.kz
Медет Дулатұлы Оспанов Есіл ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.⠀
Медет Дулатұлы Оспанов 1985 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Жаңасу ауылында дүниеге келген.
2006 жылы М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, 2009 жылы Қазақстан-Ресей университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2006 жылы Петропавл қаласындағы Әл-Фараби мектеп-лицейінде тарих пәнінің мұғалімі болып бастады.  
2007 жылы Солтүстік қазақстан облысы ішкі саясат департаментінің бас маманы лауазымына мемлекеттік қызметке орналасты.
2007-2011 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының бас маманы болып жұмыс істеді.
Сондай-ақ, Шал ақын, Тайынша  ауданында басшылық қызметтер атқарды. Сонымен қатар, Солтүстік қазақстан облысы Уәлиханов ауданының әкімі болды. 
Осы тағайындауға  дейін облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы болып еңбек етті.
Тағы да оқыңыздар:Коронавируспен күреске атсалысқан дәрігерлерге төлемақы беру жалғасады
Источник: 7152.kz

Похожие записи

Комментарии

Instagram

Самые популярные