Источник: 7152.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігіне Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданына қоныс аударған азаматтарға арналып салынған тұрғын үйлердің сапасын тексеру туралы тапсырма берді. Бұл жайында ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
— Мемлекет басшысы «Казахстанская правда» газетінде 24 мамыр күні жарияланған «Заложники равнодушия» атты мақалада айтылған мәселеге назар аударды. Президент Әкімшілігіне Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданына қоныс аударған азаматтарға арналып салынған тұрғын үйлердің сапасын тексеру туралы тапсырма берілді. Тексеру жұмыстарының қорытындысы бойынша тиісті шара қолданылады- делінген хабарламада.
Тағы да оқыңыздар: 13 жастағы бала бақшадан ескі граната тауып алды
Источник: 7152.kz