Президент жерді шетелдіктерге жеке меншікке және жалға беруге тыйым салатын заңға қол қойды

Источник: 7152.kz
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды 7152.kz тілшсі  Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған заң бойынша ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, шетелдік қатысуы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына, халықаралық ұйымдарға, халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтарға, сондай-ақ, қандастарға жеке меншікке және жалға беруге тыйым салынады. Осылайша ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалану құқығы тек қана Қазақстан азаматтарына және шетелдік қатысуы жоқ заңды тұлғаларға беріледі.
Сонымен қатар, 2016 жылдың 1 шілдесіне дейін берілген жерлер жалға алу мерзімі біткенше жер иелерінде қала береді. Жалға алу мерзімі 2022-2025 жылдары аяқталады.
Тағы да оқыңыздар: Ораза айт мерекесі басталды
Источник: 7152.kz

Похожие записи

Комментарии

Instagram

Самые популярные