СҚО-да жыл басынан 74 жол-көлік оқиғасы орын алды

Солтүстік Қазақтан облысында 5 ай ішінде 74 жол-көлік оқиғасы болған, онда 10 адам қаза тауып, 94-і жарақат алды.

Жыл басынан жаяу жүргіншіні қағып кетудің 27 фактісі орын алған, оның салдарынан екі адам қаза тауып, 26 адам жарақаттанған.

Жаяу жүргіншілер жолынан өту ережелерін және маневрлеу ережелерін бұзу,

жылдамдықты асыру, ара қашықтықты сақтамау, реттеушінің белгілерін елемеу – ЖКО себептері алуан түрлі болуы мүмкін. Апаттылық жағдайы көбіне кешке жақын – ауыр салдарымен 12 ЖКО сағат 16:00-ден 18:00-ге дейін, тағы 10-ы сағат 18:00-ден 20:00-ге дейін жасалады. Келесі бір апаттылық қауіпті кез сағат 00:00-ден 04:00-ге дейін, бұл аралықта да 10 ЖКО болған.

Жол-көлік жарақаттары талдауындағы тағы бір алаңдатарлық көрсеткіш – мас жүргізушілердің кінәсынан болатын оқиғалардың саны. Бес айдың ішінде 11 факті, нақтырақ айтсақ, ауыр салдармен болған әр жетінші апат ішмдікке құмар жүргізушілермен жасалған. Соңы 2 адамның өліміне, 15 адамның жарақаттануына әкеп соқтырған.

«Жолдарда апаттылықты азайту — полиция жұмысындағы басымдылықтың бірі, — дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция подполковнигі Айдын Байматов. — Жол-көлік оқиғаларын талдау патрульдік полиция маршруттарын түзету, жедел-профилактикалық іс-шаралар жоспарын әзірлеу кезінде бағыттаушы болып табылады. Қабылданатын шаралардың барлығы негізгі мақсатты көздейді: ЖКО жасау тәуекелін барынша азайту. Жол қозғалысының барлық қатысушыларын сақ болуға және ЖЖҚ мұқият сақтауға шақырамыз — бұл жолдағы қауіпсіздіктің басты шарты».

СҚО ПД баспасөз қызметі

Похожие записи

Комментарии

Instagram

Самые популярные