NIS домбырашылары үздіктер қатарынан көрінді.

Петропавл қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің “Шалқыма” домбырашылар ансамблі Нұр-Сұлтан қаласынан жеңіспен оралды. Жас дарындар І халықаралық шығармашылық фестиваль-байқауында бақтарын сынады.

Мектептің домбырашылары маңызды өнер додасында Қаршыға Ахмедияровтың “Қосбасар”, Абдулхамит Райымбергеновтың “Секіртпе” және Батырлан Абеновтың “Желдірме” күйлерін ұсынды. Өнер додасының қорытындысы бойынша “Секіртпе шағырмасын орындаған жергілікті домбырашылар 1-орыннан көрінді. Оқушылардың “Қосбасар” күйі екінші орынға лайық деп танылды. Жеке орындаушылардың арасында Дариға Мұқашева да екінші орыннан көрінді.

-Осындай деңгейдегі байқауға алғаш қатыстым.

Қобалжу болғанына қарамастан, бізге көрсетілген қошеметке қарап, жақсы өнер көрсеткенімізге көз жеткіздім. Бұл біздің тынымсыз еңбегіміздің, ұстаздың терең білімінің нәтижесі. Алдағы уақытта да домбыра үйірмесін негізгі сабағыма қоса алып жүремін. Енді халықаралық байқауға қатысуға бел будық, — деп бөлісті Назарбаев зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушысы Абылайхан Жоламанов.

Айта кетейік, І халықаралық шығармашылық фестиваль-байқауында вокал, хореография, музыкалық аспаптар және актерлық шеберлік бейнелеу өнері номинациялары бойынша еліміздің түпкір-түпкірінен жиналған жас өнерпаздар мен ұжымдар ат салысты.

Похожие записи

Комментарии

Instagram

Самые популярные