Петропавлда жылжымалы вакцина салдыру пунктері жұмысын бастайды

Источник: 7152.kz
Мамырдың 6-нан бастап облыс орталығында 3 жылжымалы кешен жүрмек. Яғни тұрғындар  төл құжатымен жылжымалы пунктке барып, коронавирусқа қарсы екпе салдырта алады, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
Петропавлда денсаулық сақтау мекемелерінде, спорт нысандарында, мәдениет ошақтарында және сауда-саттық орталықтарында  28 вакцина салу орындары ұйымдастырылды. Жалпы қазіргі таңда облыс бойынша мұндай пункттердің саны 90-ға жетіп отыр.
-3 жылжымалы кешенде қалалық 3 емхананың мамандары жұмыс істейді. Жерлестеріміз қалалық орталық саябақта, «Береке» ықшам ауданында, 20-шы шағын ауданында жүретін жылжымалы екпе егу пункттеріне бара алады. Бұл ең алдымен қарт адамдар, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жасалып отырған іс-шара. Бұл кісілерге емханаға, сауда-саттық орындарына бару қиын- деді, СҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Құмар Күсемісов .
Тағы да оқыңыздар: Облыста карантиндік шектеулер жеңілдетілді
Источник: 7152.kz

Похожие записи

Комментарии

Instagram

Самые популярные