СҚО-да жыл басынан ескі паспорттары бар 37адам ҚР азаматтары атанды

Петропавл әлеуметтік бейімдеу орталығы бастығының міндетін атқарушы Қуаныш Тәжібаев көші-қон қызметінің аға инспекторы Дарина Сүлейменоваға алғыс білдірді.

Орталыққа құжаты жоқ 75 адам жүгінген. Ол өмір бойы Қазақстанда тұрып келген, мектепті аяқтап, жұмыс істеген. Барлық құжаттары: туу туралы куәлігі мен 1974 жылғы үлгідегі паспорты ертеде жойылған.

«Өмірдің қиын жағдайына тап болған ол уақтылы сәйкес органға жүгіне алмаған, — деп айтылған СҚО ПД бастығы полиция генерал-майоры Марат Төлебаевтың атына жазылған алғыс хатта. — Көші-қон қызметінде оған қажетті құжаттарды тезірек жинауға көмектескен, кейін қысқа мерзім ішінде оны Қазақстан Республикасының азаматы деп танып, жеке куәлік берілген. Өз міндеттерін адал атқарғаны және адамдарға ілтипаттылық танытқаны үшін алғыс білдіреміз».

Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман Татьяна Фролованың айтуынша, полициямен іс-қимыл жасау ұдайы жүргізіледі. Жыл басынан Орталықтың өтініштері бойынша 16 адамға құжат берілді, қазіргі уақытта тағы 3 адамды құжаттандыру бойынша жұмыс жүргізілуде.

«Қиындық туғызғаны, аталған адам бірден өзі жайлы толық дерек бермеген,

— дейді полиция капитаны Сүлейменова. — Бұрын ескі үлгідегі паспортпен Павлодар қ. құжатталғаны белгілі болды. біз ол жақтан қажетті мәліметтерді сұраттық. 8 маусымда ер адамды ҚР азаматы деп тану туралы шешім қабылданды. Енді ол өзге де қазақстандықтармен бірдей зейнетақы мен барлық мемлекеттік қызметтерді ала алады».

Жыл басынан СҚО-да 1974 жылғы үлгідегі паспорттары бар 37 адам мен бұрындары уақтылы құжаттарын алмаған 40 адам ҚР азаматтары деп танылды.

СҚО ПД баспасөз қызметі

Похожие записи

Комментарии

Instagram

Самые популярные