83 жастағы зейнеткерге пәтері қайтарылды

Источник: 7152.kz
Петропавлда әлеуметтік қызметкер 83 жастағы тыл ардагеріне пәтерін қайтарып берді. Осыған дейін біз әлеуметтік қызметкері тыл ардагері Людмила Носиктің екі бөлемелі пәтерін алдап, өз атына түсіріп алғаны туралы жазған болатынбыз. Бір аптадай уақыт өткесін, маман әжейге пәтерін қайтарды, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
2 бөлмелі пәтер 83 жастағы тыл ардагеріне, яғни заңды иесіне қайтарылды. Қарттың немересі Наталья Середаның айтуынша, мамырдың 19-ы күні әлеуметтік қызметкердің адвокаты хабарласып, сый құжатпен берілген үйді әжейдің атына қайта түсіреміз деген.
-Өткен аптаның бейсенбісінде әжем екеуміз нотариусқа барып үйді қайта өз атымызға түсіріп алдық. Кедесуге әлеуметтік қызметкер  Шынар да келді. Бірақ әжемнен кешірім де сұраған жоқ. Тіпті тіл қатқан жоқ десем де болады. Ол кісі не себепті мұндай шешімге келгені маған белгісіз. Алайда, жүзінен өз ісі үшін ұялған белгі байқамадым,- дейді  немересі Наталья Середа.
Наталья бірден үйдің есігін ауыстырған. Айтуынша,  әжейді апаруға жүрексініп отыр. Себебі, пәтердің астан-кестені шыққан.  Жиһаз ескі болғандықтан оны ешкім қозғамапты.
-Заттардың барлығы шашылып жатыр. Біреу бірдеме іздегендей. Бірақ әжеміздің айтарлықтай құңды заттары да болмаған. Қазір мен бұл кісіні ол жаққа апарғым келмейді. Пәтерін көрсе жылап, қан қысымы көтеріледі, — деді немересі.
Пәтердің қайтарылғанына қарамастан Наталья істі сотқа дейін жеткізбекші. Полицейлер «алаяқтық» фактісі бойынша тергеу жұмыстарын жүргізуде. Ал, бәрі аяқталған соң келіншек әжесін Ресейге Мәскеуге әкетуді жоспарлап отыр. Қария болса, кеткім келмейді, бірақ басқа амал жоқ — дейді. Қазіргі таңда Наталья әжейді Ресейге алып кету үшін құжаттар жинап жатыр.
Источник: 7152.kz

Похожие записи

Комментарии

Instagram

Самые популярные