Домой Аналитика «Азаматтарға арналған үкімет» кадр резервіне енген қатысушылар саны бойынша СҚО көш бастап...

«Азаматтарға арналған үкімет» кадр резервіне енген қатысушылар саны бойынша СҚО көш бастап тұр. СКО лидирует по количеству участников, попавших в кадровый резерв «Правительство для граждан»

12
0
кадровый резерв
"Азаматтарға арналған үкімет" кадр резервіне енген қатысушылар саны бойынша СҚО көш бастап тұр. СКО лидирует по количеству участников, попавших в кадровый резерв "Правительство для граждан"

«Азаматтарға арналған үкімет» кадр резервіне енген қатысушылар саны бойынша СҚО көш бастап тұр

2021 жылғы 1 наурызда «Азаматтарға арналған үкімет» кадр резервіне өтініштер қабылдау басталып, 30 сәуірде аяқталған болатын. Барлығы 1 873 адам осы жобаға қатысты. Жобаның басты мақсаты — перспективалы қызметкерлерді табу, олардың құзыреттерін дамыту және алдағы уақытта бос басшылық лауазымдарға ұсыну.

«Азаматтарға арналған үкіметтің кадрлық резерві — әр түрлі жастағы және аймақтардағы таланттар үшін өздерін көрсетіп, өздерін аймақ деңгейінде ғана емес, Қазақстанның басқа қалаларында да танытуға тамаша мүмкіндік. Бұл жоба өте өзекті және мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің тұлғалары мен таланттарын дамытудың креативті әлеуетін көтереді деп санаймын», — дейді жоба қатысушысы Ермек Жакин.

Қорытынды кезеңнің нәтижесі бойынша «таланттар пулына» 353 адам қабылданды, оның ішінде 35 — і мемлекеттік корпорацияның солтүстікқазақстандық филиалының қызметкерлері — бұл Республика бойынша үздік көрсеткіштердің бірі.

Жоғары әкімшілік лауазымдарға лайықты бос орындар пайда болған кезде, кадр резервіндегі кандидатуралары қаралатын болады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі

СКО лидирует по количеству участников, попавших в кадровый резерв «Правительство для граждан»

1 марта 2021 года стартовал прием заявлений в кадровый резерв «Правительство для граждан», который завершился 30 апреля. В общей сложности 1 873 человек приняло участие в данном проекте. Главная цель проекта – найти перспективных работников, развивать их компетенции, и в дальнейшем выдвигать на вакантные руководящие должности.

«Кадровый резерв Правительства для граждан — отличная возможность для талантов разных возрастов и областей проявить себя и заявить о себе не только на уровне области, но и в других городах Казахстана. Считаю, что этот проект, очень актуален и несет креативный потенциал развития личностей и талантов работников Госкорпорации», — рассказывает участник проекта Ермек Жакин.

По итогам заключительного этапа в «Пул талантов» зачислено 353 человека, 35 из них работники североказахстанского филиала Госкорпорации — это один из лучших показателей по Республике.

При возникновении подходящих вакансии на высшие административные должности будут рассматриваться кандидатуры резервистов кадрового резерва.

Пресс-служба филиала НАО ГК «Правительство для граждан» по СКО