Домой Общество Мүмкіндігі шектеулі жандарға тегін қызмет көрсететін алғашқы көлік жуу орны ашылды

Мүмкіндігі шектеулі жандарға тегін қызмет көрсететін алғашқы көлік жуу орны ашылды

5
0
Мүмкіндігі-шектеулі-жандарға-тегін-қызмет-көрсететін-алғашқы-көлік-жуу-орны-ашылды

Источник: 7152.kz
Петропавлда мүмкіндігі шектеулі жандарға және 75 жастан асқан жүргізушілерге тегін қызмет көрсететін алғашқы көлік жуу орны ашылды, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
Орталық бұл жүргізушілерге айына бір рет тегін қызмет көрсетеді.
-Менің ойымша, бұл мүмкіндігі шектеулі жүргізушілер үшін жақсы жеңілдік. Жалпы, автомобильді кешенді жуу 2000 теңге тұрады, ал олар осы жеңілдік арқылы ақшаларын үнемдей алады- дейді автокөлік жуу орталығының әкімгері Дарья Сильченко.
Алғашқылардың бірі болып тегін қызметке «Qyzyljar — adaldyq alańy» жобалық кеңсесінің жетекшісі Сәлімхан Сәбитов жүгінді. 
— Автожуу орталығының ашылуы біз үшін қуанышты жаңалық. Әсіресе қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға кедергісіз қызмет көрсету дамып келеді. Қазіргі кезде облыста 26 мың мүмкіндігі шектеулі адам бар.Олардың басым бөлігі машина жүргізеді. Енді олар да осында келіп айына бір рет көліктерін тегін жуа алады- дейді Сәлімхан Сәбитов.
Айта кету керек, «Qyzyljar — adaldyq alańy» атты жобалық кеңсесі мүмкіндігі шектеулі жандарға арнап барлық жағдайларды жасаумен белсенді айналысып жүр.
Тағы да оқыңыздар: СҚО тұрғынының көлігінен 5 кг марихуана тәркіленді
Источник: 7152.kz