Мемлекеттік рәміздер күніне орай бірнеше акция өтті

Источник: 7152.kz
Петропавлда Мемлекеттік рәміздер күніне орай бірнеше акция ұйымдастырылды. Көпқабатты үш үйдің тұрғындары балкондарына ту ілсе, Жастар жағы түрлі флешмоб ұйымдастырып, «Менің туым» акциясына қатысты. Олар  сауда үйлерінің маңында көпшілікке жалау таратты, деп хабарлайды  7152.kz тілшісі.
Еріктілер мен қалалық ресурстық орталықтың мамандары жаяу жүргіншілер мен автокөлік иелеріне 400-ден астам мемлекеттік жалаушаларды таратты. Акцияға қатысушылар шаһардағы ірі сауда үйлері мен базар маңындағы автотұрақтарды қамтыды.
— Біздің мақсатымыз — азаматтарымызға кішкентай жалаушаларды тарату, — дейді шараны ұйымдастырушы Руслан Гавитанов. – Оларға мерекелік көңіл-күй сыйлау және  рәміздерімізге құрметпен қарап, ұмытпауы үшін акцияға қатысып жатырмыз.
Акцияға жастар ұйымдарынан 30-ға жуық ерікті  қатысты. Сондай-ақ бүгін мерекеге орай Петропавлдың орталық алаңында мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетілді. Тұғырға салтанатты түрде СҚО-дағы ең үлкен көк байрақ көтерілді. Флагштоктың ұзындығы – 50 метр, тудың ұзындығы 10 метр болса, ені – 5 метр.
-Ту көтеру рәсіміне 30-ға жуық волонтер қатысты. Жалпы біздің мақсатымыз – жастар бойында патриоттық сезімді ояту. Сонымен қатар, сауда және ойын-сауық орталықтарының жанында волонтерлер автокөліктерге арналған жалауларды тегін таратады, — дейді Петропавл қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Әлфараби Мыңбай.
Ал мемлекеттік мекемелер жұмыс күнін Әнұран айтумен бастады.
Тағы да оқыңыздар:Бүгін — мемлекеттік рәміздері күні
Источник: 7152.kz

Похожие записи

Комментарии

Instagram

Самые популярные