«Ол ауруханаға бара жатқанда қайтыс болды»: қаза тапқан милиция қызметкері Ғазиз Есімовтің туыстары оның қайғылы оқиғасы туралы айтып берді

Кешке Петропавл қ. мәдениет және демалыс саябағының би алаңында екі мас матрос нысанды киімдерінің белдіктерін алып, билеп жатқан жұптарды ұра бастаған. Құқықтық тәртіпті сақтау бойынша қызметке түскен ІІО жас қызметкері қала тұрғындарын бұзақылардан арашалайды. Біреуін қолынан ұстап алып, қоршауға қаратып қойған, осы сәтте екінші бұзақы қалтасындағы пышақпен милиция қызметкеріне соққы жасаған. Ауруханаға бара жатқанда, милиция қатарындағы Ғазиз Есімов көп қан жоғалтқаннан қайтыс болған.

Бұл жантүршігерлік оқиға 1951 жылғы 21 маусымда орын алған. Тура 70 жыл бұрын қалалық ІІБ 25 жастағы қызметкерінің өмірі қыршыннан қиылды. Қызметтік борышы үшін өмірін сарп еткен жас милиционердің есімі СҚО Полиция департаменті музейіндегі экспозицияда сақталған. Сондай-ақ, Ғазиз Есімовтің есімі 2016 жылы ашылған жас қызметкерлер аллеясына берілді.

Оның құқықтық тәртіп органдарындағы қызметін жақындары жалғастырды.

Жиені Болат Есімов қызметін абыроймен атқарып, қазіргі уақытта еңбек демалысында. Болат Ғафизұлының ұлы тергеу бөліністерінде қызмет атқаруда. «Бұл қайғылы оқиға туралы біз ата-анамыздан естіп білдік. Суыт хабар Ғазиздің інісі, яғни менің әкеме алғаш жеткізілген. Оның өмірден кетуі әкеме және әпкелеріне ауыр тиді, ата-аналары ерте қайтыс болды, ағасы әкесіндей болып кеткен екен. Ол үйленбекші болған, өкінішке орай бар арманы бір сәтте үзілді», — дейді отставкадағы майор.

Қазақстан полициясы күні ішкі істер органдарының жеке құрамы қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан қызметкерлерге құрмет көрсетеді. Барлық салтанатты іс-шаралар ержүрек қызметкерлерге арналған ескерткіш маңында, үнсіздік минутын жариялаудан басталады. Солтүстік Қазақстан облысында қызметтік борышын атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан ішкі істер органдары 8 қызметкерінің есімі тасқа қашалып, мәңгілікке сақтаулы.

СҚО ПД баспасөз қызмет

Похожие записи

Комментарии

Instagram

Самые популярные