Петропавл тұрғыны төнген қауіпті жоюға көмектескен полиция инспекторына алғысын білдірді

Петропавл тұрғыны СҚО Полиция департаментіне № 8 учаскелік полиция пунктінің қызметкері Қайрат Нағыметовтің іс-әрекетіне алғысын жолдады. Хатта полиция қызметкерінің оның ата-анасына көмектескені жайында айтылған. Әйелдің әкесі, «Северный» шағын ауданының тұрғыны көктемде Қайрат Нағыметовке жүгінген. Оны жасына байланысты ақыл-есі ауысқан жалғыз тұратын әжей алаңдататынын айтқан. Әжей кей кездері газын сөндіруге ұмытып кетіп жүрген. Ер адам өрттің туындауынан қауіптенген. Полиция капитаны Нагиметов әйелдің Ресейде тұрып жатқан балаларымен хабарласады. Олар дереу шара қабылдап, анасының пәтеріндегі газды электр плитасына ауыстырады, кейін өздеріне Ресей Федерациясына алып кетеді.«Учаскелік инспектор Нағыметов мүдделі тұлғаларды анықтап, өмірге, денсаулыққа, подъездегі тұрғындардың мүлкіне келетін қауіпті жою үшін қажетті шаралар қабылдады», — деп жазған әкесінің үніне құлақ асқан полицейге алғысын білдірген Петропавл тұрғыны.

«Мұндай жағдайлар —

учаскелік полиция инспекторларының қызметін «атқарылатын мың бір міндеттің ісі» деп аталуының жарқын мысалы», —дейді Петропавл қ. ПБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі Әлібек Ғабдуллин. — «24/7» режимінде халықпен іс-қимыл жасай отырып, учаскелік инспекторлар өмірде кездесетін әр түрлі жағдайлармен бетпе-бет келеді. Әрқайсысы бойынша жедел сараланған әрі тиімді шешім қабылдау қажет, басты бағдар адамдарға қол ұшын беру».

СҚО ПД баспасөз қызметі

Похожие записи

Комментарии

Instagram

Самые популярные