Полицейлер жаңа киім формасына көшеді

Источник: 7152.kz
Полицейлердің жаңа киім формасы туралы ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында айтты, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
Жыл соңында көшеде тікелей қызмет көрсететін патрульдік полиция мен учаскелік инспекторлар жаңа форманы киетін болады.  
— Форма сынақтан өтті, ол өте ыңғайлы. Көшелерде патрульдеу үшін жаңа киім үлгісі таңдалды. Кроссовки,берцы киетін болады. Жаяу патрульдер, халықпен жұмыс істейтін жедел патрульдер сияқты полицейлер үшін жаңа форма енгізіледі, — деп мәлімдеді ол.
Жаңа формадағы басты ерекшелік, жарықпен шағылысады, яғни  түнде полиция қызметкерлерін  алыстан байқауға болады.
— Министр лауазымына тағайындалған кезде мен алдымен стратегияны өзгертетінімізді айттым. Екіншіден, білім деңгейі, полицейдің мәртебесін және халық алдындағы жауапкершілігін арттыру. Үшінші кезекте тек киім үлгісіне  көшеміз, — деді ведомство басшысы.
Тұрғымбеков министрлік осы мақсаттар үшін қосымша қаражат сұрамағанын, фирмалық киім — кешектің құны бұрын мәлімделген сомадан аспайтынын  атап өтті.
Сондай-ақ, ІІМ басшысы екі жыл ішінде республиканың барлық полицейлері жаңа формаға ауысады деді.
Тағы да оқыңыздар:Мүмкіндігі шектеулі жандарға тегін қызмет көрсететін алғашқы көлік жуу орны ашылды
Источник: 7152.kz

Похожие записи

Комментарии

Instagram

Самые популярные