СҚО-да Мемлекеттік рәміздер күнінде төрт жас полиция қызметкері алғашқы қызметтік куәліктерін алды

4 маусымда СҚО-да полицейлердің жұмыс күнін ту ұстаған топ ашты. Полиция департаменті ғимараты алдынан Мемлекеттік рәміздерді, Елтаңба мен Туды ұстап, жүріп өту – мерекенің ажырамас бөлігі. Үрмелі оркестр Қазақстан Республикасының Әнұранын орындады.

Мереке күні бес офицер кезекті арнаулы майор мен подполковник атақтарын алды. Үш жас қызметкер алғашқы арнаулы полиция лейтенанты атағын алды. ҚР ІІМ М.Бөкенбаев ат. Ақтөбе заң институтының төрт түлегіне СҚО ПД бастығы полиция генерал-майоры Марат Төлебаев алғашқы қызметтік куәліктерін табыс етті.

«Бас мемлекеттік мереке күнінде офицерлік атақ алған сәтте ерекше толқыдым,

— дейді кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы лауазымына тағайындалған Мадина Жеңісова. — Бүгін мен алғашқы қызметтік куәлігімді, сондай-ақ полиция лейтенанты атағын алдым. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік инспектор лауазымына тағайындалдым. Бұл атақты мақтанышпен әрі лайықты атқарып өтемін».

Жеке құрамды құттықтау сөзінде генерал-майор Марат Төлебаев Мемлекеттік рәміздер күні — әр полицей үшін ерекше мереке екендігін, өйткені Әнұранның сүйемелдеуімен құқықтық тәртіп қызметкерлері мемлекет пен қоғамға адал қызмет етуге ант қабылдайтындығын атап өтті. «Мемлекеттік рәміздерді насихаттау және дұрыс қолдану отанға деген патриотизм мен сүйіспеншілікке негізделген ұлттық сананы қалыптастыруға ықпал етеді», — дедді ол.

СҚО ПД баспасөз қызметі

Похожие записи

Комментарии

Instagram

Самые популярные