СҚО-да жарыста үздік мерген-полицейлер анықталды

Солтүстікқазақстандық тәртіп сақшылары «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамымен бірлесе, Қазақстан полициясы күніне орай табельдік қарудан ату бойынша жарыс өткізді. Полиция департаменті бөліністерінен он төрт команда жасақталды, әр командада — екі ер адам мен бір әйел адам. Жарыс ПД тирінде өтті. Ату №4 спорттық нысанаға бір адамнан 25 метр қашықтықтан жүргізілді. Погондағы спортшыларға үш сынақ ату мүмкіндігі берілді, кейінгі оны есепке алынды.

Алғаш рет нәтижелер ер адамдарға бөлек,

әйел адамдарға бөлек шығарылды. Арнайы бөлініс қызметкерлері жүлделі орындарға ие болды. Жамбыл ауданы полиция бөлімі кадр саясаты тобының инспекторы полиция майоры Айнұр Қасенованың қатысуы жарыстың жаңалығы болды. Белсенді түрде спорттық іс-шараларды ұйымдастыратын қызметкер, шаңғышы Макаров тапаншасынан ату бойынша сайыстарға алғаш рет қатысып, әйелдер арасында бірінші орынды жеңіп алды. Жамбыл ауданынан екі жеңімпаз анықталды – аудандық полиция бастығының орынбасары Асхат Жомартов ерлер арасында екінші орынды иеленді. Ауданда атыс дайындығы қолға алынған – Жамбыл ауданы полиция бөлімінің командасы екінші жалпыкомандалық орын алды. Үшінші орынды Айыртау ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері жеңіп алса, үздік нәтижені СҚО Полиция департаменті командасы көрсетті.

«Ішкі істер министрінің кубогіне жарыс қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлерді еске алу құрметіне және Қазақстан полициясы күнін мерекелеуге орай ұйымдастырылды, — деді СҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Қапез Дәулетбаев. – Бұндай жарыстар — полицейлер үшін практикалық маңызы бар спорт түрлерінің бірі, полицейлерді табельдік қаруды ұстау дағдысын жетілдіруге ынталандырады. Жеңімпаздар медальдармен, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жеңімпаз — команда, жеңімпаздар кубокпен және бағалы сыйлықтармен марапатталады».

СҚО ПД баспасөз қызметі

Похожие записи

Комментарии

Instagram

Самые популярные