Источник: 7152.kz
Таяуда бұл туралы Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы мәлімдеген болатын, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
Биыл Ораза айт мейрамы мамырдың 24-не түседі. Бұл күні мешіттерде айт намазы оқытылуы тиіс. Қызылжар мешітінің наиб-имамы Тойбазар Айтуған пандемияға байланысты бұл мерекені үйде отбасымен бірге қарсы алуға шақырды.
— Шариғат бойынша әрбір мұсылман айт намазын жамағатпен қарсы алады. Алайда әлемде болып жатқан жағдайға байланысты биыл мешітте айт намазы оқытылмайды. Тек Құран оқып, садақа берем деушілерге мешітке таңғы сағат 7-ден кешкі 8-ге дейін келуге рұқсат, — дейді имам.
Ораза айт мерекесі үш күн тойланады. Бұл қасиетті Рамазан айының аяқталуын білдіреді, яғни Оразадан кейін ауыз бекітпейтін алғашқы күн деп саналады.
Зарина Файзулина
Басқа өзекті тақырыптар: СҚО-да түрмеде отырған ерлі-зайыптыларға онлайн кездесу ұйымдастырылды.
Источник: 7152.kz