СҚО полицейлері жол қозғалысының қауіпсіздігі сұрақтары бойынша тікелей эфир өткізді

Жаз мезгіліндегі жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселелері – осы жайлы Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің әлеуметтік желілердегі аккаунтарында тікелей эфир барысында сөз қозғалды.

Облыс орталығының тұрғындары үшін велосипедистердің қозғалыс ережесінің өзектілігін қойылған сұрақтардан көруге болады. Көбінесе осы жол қозғалысына қатысушылар жаяу жүргіншілер өтетін жолақтан өткен кезде қауіпсіздік ережесін сақтамайды. Сонымен қатар, қалалықтарды Петропавлдағы басты көшелердің бірі – Қазақстан Конституциясы көшесіндегі велосипед мінгендер алаңдатады.

Полицейлер скутер мен электросамокаттар мінетіндердің де жол жүрісі ережесін естеріне салды.

Бұл көлік құралдарын тек 16 жастан бастап қана мінуге болады. «Елді мекендерде электр самокаттарын пайдалану жол қозғалысының басқа қатысушылары үшін қауіп төндіреді. Оның велосипедтер мен мопедтерге қарағанда едәуір айырмашылығы бар. Көлемінің шағын және даусы қатты шықпайтындықтан жол үстінде оны бірден байқап қалу қиындық туғызады. Әрі оларды қолданушылар да бастарын қатерге тігеді», — дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы полиция капитаны Азамат Жамұқов.

Диалог барысында көтерілген өзекті мәселенің бірі – Петропавлдағы жол қозғалысын ұйымдастыру болды. Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері Н.Назарбаев көшесіндегі тұтас қос жолақ таңбасының салынуын түсіндірді. Бұл өзгеріс соңғы жылдардағы көлік санының артуына, апаттың көбеюінен туындап отыр.

СҚО ПД баспасөз қызметі

Похожие записи

Комментарии

Instagram

Самые популярные