«Менін әкем адамдарға көмектеседі…», «Менің әкем қылмыскерлерді ұстайды», «Мен әкемді мақтан тұтамын». Осындай жылы сөздер «Менің әкем – полицей» байқауына түсірілген бейнероликтердің өзегіне айналды. Байқау Халықаралық әкелер күніне арналған.
Байқау қашықтан өткізілуде. Шарты оңай: полицейлердің балалары бейне роликте ән орындап немесе мәнерлеп өлең оқып, әкелері туралы айтып берулері тиіс. Шығармашылыққа ешқандай шектеулер жоқ, барлық қатысушылар қазылар алқасына толыққанды бейне роликтерді жіберген, бұнымен қоса монтаждау өнерін де көрсеткен. «Бүгін оның қасына барып, құлағына ақырын ғана оны жақсы көретінімді айтамын», — дейді кадр сыртындағы дауыс үйде түсірілген видео аясында, бұл облыстың патрульдік полиция батальоны қызметкерінің ұлы үш жасар Әлихан Кучумов. Балалар әкелерінің жұмысы қаншалықты қиын екенін түсіне бермейді- конкурстың мәні балалардың әкелеріне деген сүйіспеншіліктерін жеткізу болды.
«Бұл құқықтық тәртіпті сақтау үшін еңбек етіп жүрген полицейлер үшін аса маңызды, себебі олар уақыттарының басым бөлігін қызметте өткізеді, — деді СҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Қапез Дәулетбаев. – Байқау нәтижелері Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты іс-шарада жарияланатын болады, жеңімпаздар марапатталады».
Айта кететіні,
мереке қарсаңында екі солтүстікқазақстандық полиция офицері егіздердің әкелері атанды. Уәлиханов ауданында Ақбұлақ ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы Серік Әмірбековтің жанұясында егіз ұл мен қыз дүниеге келді. Ал облыс орталығында Петропавл қ. Полиция басқармасының Екінші полиция бөлімінің бастығы Руслан Сыздықовтың отбасында да дәл осындай қуаныш.
СҚО ПД баспасөз қызметі